Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаевтың 2020 жылғы атқарылған жұмысы жөніндегі есебі бір сағаттан аса уақытқа созылды. Бейнеконференция байланысы режімінде өткен кездесуге қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің басшылары мен елді мекен тұрғындары қосылды, сондай-ақ полиция департаменті бастығының есебі «Facebook» және «Instagram» желілеріндегі ресми парақшалар арқылы да көрсетілді.
Облыстық полиция департаментінің бастығы өткен есеп беру кездесуінде солтүстікқазақстандықтардан келіп түскен өтініштер мен арыз-шағымдар бойынша қабылданған шаралар туралы баяндамадан бастады. Крепостная және Брусиловский көшелерінде жол белгілерін орнату, Жуков көшесіндегі бір үйдің ауласындағы бейнебақылау камераларының орындарын ауыстыру, қылмыстардың алдын алу үшін автопатрульдердің жарқылдауық маяктарды қолдануы – осы текстес ескертулер мен ұсыныстар соңғы өткізілген кездесуден бері шешілген болатын.
Былтыр облыс аумағында 4766 қылмыс тіркеліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 26 пайызға төмендеген. Қылмыстарды ашу деңгейі 73 пайыз болған. Тұрмыста жасалатын қылмыс, мал ұрлығы, есірткі сату, интернет-алаяқтық сияқты негізгі қылмыс түрлері бақылауда. Полицейлер алдын алу жұмысына баса назар аударады. Екі мыңнан астам хабарландыру тексеріліп, түрлі сайттардың әкімшілігі арқылы 122 жалған аккаунт пен хабарландыру бұғатталды. Облыстық полиция департаменті бастығының бұйрығымен құрылған мамандандырылған топ жүзден аса интернет-алаяқтық фактісін ашты.
Есеп беру барысында ондаған сұрақ келіп түсті. Негізінен облыс тұрғындарын автокөлікті тіркеу, ПИК төрағалары мен учаскелік полиция инспекторларының өзара әрекеті, ішкі істер органдарына қызметке орналасу мәселелері қызықтырды. Барлық өтініштерге жауап берілді.
«Халыққа жақын полиция» қағидаты бойынша жұмыстың сервистік моделін іске асыру үшін ақпанның 1-нен бастап тәртіп сақшылары тәулік бойы азаматтардан «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарламаларды қабылдауда. Сонымен қатар полиция департаментінің басшылық құрамы «Facebook»-те аккаунттар ашып, желі қолданушыларымен сұхбат жүргізуде.
Есеп беру кездесуінің соңында Марат Төлебаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицейлерге облыстың әр тұрғынының пікірін білу маңызды екендігін атап өтті. Ашықтық – қазіргі заманғы қазақстандық полицияның басты ерекшелігі екенін жеткізді.
Жанар БАЙҒАЗИНА,
облыстық полиция департаментінің
баспасөз хатшысы.