«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.03.2021

Елбасы: «Абай арена» стадионы – қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуы тиіс

Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

 «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Гелика» ЖШС-нің ұжымы науқас балаларға қайырымдылық көмек көрсетті.

ЕРКЕЛІК ПЕ, ЕССІЗДІК ПЕ?..

Ернұр үйге кіре сала сөмкесін төрге қарай лақтырып жіберді. Содан соң алдынан жүгіріп шыққан анасына киімін шешіп беруді бұйырды. Күлпәш мектептен ашулы оралған ұлының көңілін аулауға тырысып, айтқанын бұлжытпай орындады. Дәмді-тәттісін де алдына тосты. Жалғызының аяғына шөгір, маңдайына жел тигізбей өсіріп отырған ана байғұс Құдайдан жылап жүріп сұрап алған перзентінің бар еркелігін көтеруге әзір. Бұл …

ЕРКЕЛІК ПЕ, ЕССІЗДІК ПЕ?.. Read More »

ТАБАҚ ТАРТУ ДӘСТҮРІ

Сыйлы мейманға қазан көтеріп, ет асу – қазақтың қанында бар дәстүр. Сондықтан табақ тартудың өзіндік тәртібі мен ретінің сақталуына ерекше мән берілген Еліміздің әр аймағына тән ерекшеліктері болғанымен, қонақтың жасына, туыстық жақындығына қарай тартатын табақтардың көптеген түрі бар.

Аунату

Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне “баламыз осы атасына тартсын”, “бойына осы атасының қасиеттері қонсын” деген ниетпен балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған.

Тайыншалық тігінші

Қолөнер – атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық қазынаның бірі. Ал тігін өнері – даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі болып саналады.“Тігін тігу өнері махаббат пен сұлулыққа деген құштарлық жиынтығы” деп текке айтылмаса керек. Майса Жәмішқызының қолынан шыққан көздің жауын алатын тамаша туындылары да махаббат пен сұлулықтың жиынтығы іспеттес.

БАТА БЕРІҢІЗШІ, АТА!

 Халқымыз үшін бата мен тілектің орны ерекше. Дүниеге келген әрбір сәбидің аты зор талғаммен, терең мағынамен таңдалып қойылады. Нәрестенің балалық шағы мен болашағы қайғы-қасіретсіз болуы үшін аузы дуалы ақылгөй қарияға ат қою мәртебесі беріліп, оның батасын алу игі дәстүрге айналған. Батагөй қарт “құлынның өсіп, тай болуын, төрт түлігінің сай болуын” тілеп, “бақыт бесігінде тербелсін”, деп …

БАТА БЕРІҢІЗШІ, АТА! Read More »

“Қымызы Күләндамның балдай тәтті”

1972 жылы 26 қазанда ақын Ахметжан Нұртазин баласы Қайратты, белгілі әнші Жарман Рақымовты ертіп, Мәскеу ауданы (қазіргі Есіл ауданының) Ақтас ауылындағы ел-жұртқа сыйлы Төлебей Сыздықовтың (Ләй) үйіне түседі. Өңірімізге белгілі айтыс ақынының келгенін естіген ауылдың кәрі-жасы түгел жиналады. Әуелете шырқалған әндерді ұйып тыңдап, таң ата тарқасады.

АҚ ЖАУЛЫҒЫН КІРЛЕТПЕГЕН

Отбасының ұйытқысына айналып, шаңырағына шаттық сыйлаған әр ана құрметке лайық. Бұл орайда, отбасына ғана емес, айналасындағы адамдарға жылу, қуаныш сыйлап отырған Ұрқия Рысбаева сынды алтын құрсақты аналарды мақтан ету парыз.

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Бүгінгі таңда солтүстікқа­зақ­стандық құтқарушылар көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды пысықтап, төтенше жағдай­дың алдын алуға дайындық үс­тінде. Ондағы мақсат – өңір тұр­ғындарын тасқын судан төнген қауіптен қорғап, дүние-мүліктерін сақтау. Алдын ала болжам бо­йынша облыс аумағындағы тоқ­санға жуық ауылды су басуы мүм­кін. Сондықтан қауіпті аймақта тұрып жатқан азаматтар сақтық шараларын білгендері жөн.

ҚАШЫҚТАН БЕРІЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Құқықтық статистика органда­ры үш түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде про­ку­ра­тура, тергеу және анықтау орган­дарынан шығатын ресми құжат­тарға апостиль қою қызметінен басқасын “Электронды үкімет” веб-порталы арқылы онлайн алу­ға болады. Ресми құжаттарға апос­тиль қою қызметіне 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж са­лығы алынады. Қалған қызмет­тер тегін. Соттылықтың болуы не­месе болмауы туралы анықта­ма­ны үйден шықпай-ақ, ЭЦҚ (элек­трондық цифрлық …

ҚАШЫҚТАН БЕРІЛЕТІН ҚҰЖАТТАР Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР МАТРАСЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ЗОР

Адам өмірінің үштен бір бө­лігін ұйқыда өткізеді екен. Денсаулық үшін пайдалы ұйқының жайлы болуы жатын орынға тікелей байланысты. Маңызды компонент матрас екені белгілі. Осы бір өнім түрі Петропавлда да шығарылады.