«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.03.2021

ӘЛЕМГЕ ОРТАҚ

Қазақ халқы Ұлыстың Ұлы күні деп той­лай­тын ұлттық мереке – әлемнің көптеген ха­лықтарына ортақ. Көктемнің төрімізге жетіп, табиғаттың жаңаруын білдіретін мейрамды Әзірбайжан, Алба­ния, Ауғанстан, Индия, Иран, Қыр­ғызстан, Македония, Ресей, Тәжік­стан, Түркіменстан, Түркия мен Өзбекстан да атап өтеді. Бір­қатар елде бұл мейрамға мем­лекеттік мәртебе берілген.

Сипаты өзгеріп, мазмұны байи түсті

Наурыз десе, алдымен көз алдыма орталық алаңда басшылардың құттық­тауымен басталатын мерекелік концерт, ақшаңқан киіз үйлер, жерошақта мазда­ған от үстінде бұрқ-сарқ қайнаған қара қазан, қараша үйден табақ тасып жүрген даяшылар, әр шаңырақтың алдында домбырасын арындатып, әнін әуелеткен жаршы, “шіркін-ай, мен де кірсем, отыр­сам, мына ет пен қымыздан дәм татсам” деп бір жұтынып қойып, сеңдей соғы­лыс­қан халық …

Сипаты өзгеріп, мазмұны байи түсті Read More »

Кешірім күні

Тарихи тамыры тереңге бой­ла­ған әз Наурыз дана халқы­мызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі бо­лып келген. Күн мен түн теңе­ліп, жер арқасы кеңіп, күллі тір­шілік әлемі қайта түлейді. Қыс қыспағынан аман шыққан халық­тың малы төлдеп, аузы аққа жа­риды. Бұл күні жеті дәмнен нау­рызкөже пісіріліп, ағайын-туыс бір дастарқанның басында …

Кешірім күні Read More »

Тамаша мезгіл

Көктемгі жаңару күні – Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні – бағ­зыдан келе жатқан ұлық мере­кеміз. Бұл күні елдің ынтымақты бірлігі мен тату-тәтті тірлігін, бо­ла­шаққа деген сенімін, ұлттар ара­сындағы өзара сыйластық пен достық қарым-қатынастардың жарқын көрінісін айқын се­зі­не аламыз. Бір кездері ұмыт қал­ған бұл мейрам егемендіктің ар­қа­сында қайтадан ортамызға оралды. Наурыз – күн …

Тамаша мезгіл Read More »

БІРЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ

Наурыз – шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың бастамасы. Бұл мейрамның философиялық мәні, шығу тарихы тереңде жатыр. Жер бетіндегі ең ежелгі мерекелердің бірі саналатын Наурызды осыдан бес мың жылдан астам уақыт бойы батыс және Орта Азияның көптеген халықтары көктем мен табиғаттың жаңару мерекесі ретінде тойлап келеді.

Төрлет, Сиыр жылы!

Тышқан жылы “GOVID-19” ата­уын иеленген коронавирус­тық індетпен ұмытылмастай ес­те қалды. Тосыннан келген пан­демия миллиондаған адамды ажал тырнағына іліктіріп, төрт­күл дүниені бір тарының қауы­зына сыйғызғандай үлкен әбі­герге түсірді. Сол себепті бо­лар, Тышқан жылы тарих қойна­уына еніп, жыл қайыру бойын­ша Сиыр жылы табалдырықтан аттағанда жақсылық күтіп, иы­ғымыздан ауыр жүк түскен­дей жеңілденген көңіл күй кешке­німіз рас.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ МЕЙРАМЫ

Халқымыздың сан ғасырлық қатпарлы тарихын парақтайтын болсақ, ұлттық құндылықтарымыздың, мәдениетіміз бен төл әдебиетіміздің, ата дініміз бен ана тіліміздің тоталитарлық жүйенің аранына жұтылып кете жаздағанының куәсі боламыз. Ұлан-ғайыр даланың ұлтарақтай жерін дұшпанның қолына бермеу үшін “түн қата жүріп, түс қашқан” баһадүр бабаларымыздың асқақ арманы бүгінде ақиқатқа айналып, рақымды Алла тағала бізге Тәуелсіздіктің рауандап атқан таңын көруді …

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ МЕЙРАМЫ Read More »

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

Қазақ халқы жыл басы – Ұлыс күнін қашанда қасиетті, киелі са­наған. Мифологиялық түсінік бойынша, жастар 21 наурыз түні аспаннан жерге түсетін ырыс-бақтың пірі – Қыдыр атаға жолығысып қалуға асығып, таң шапағын қарсы алған. “Ақсүйек” ойнап, “Алтыбақан” тепкен. Үлкендер болса арықтарды тазалап, ағаш-тал егу сияқты өнімді қарекеттермен айналысқан. Әйелдер жағы таза, жаңа киімдерін киіп, наурызкөже, тағы …

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ Read More »

ДӘСТҮРІМІЗ ДӘРІПТЕЛЕДІ

Жер-Ана бусанып, аузымыз аққа кенелетін қасиетті мейрамда көктемнің шуағы мейірімін төгіп, адамдар қуаныш пен шаттыққа бөленеді. Көптен көріспеген адамдар бір-бірімен қауышып, арқа-жарқа болады. Молшы­лық пен берекенің нышанындай қыс­тан қалған сүр ет, сары бауырсақ, құрт-майды наурыз дастарқанынан та­басыз. Наурызкөже дайындалып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелетін мейрамда адамдардың да көңілі тазарып, жақсылық жасауға ұмтылады.

ҚЫДЫР АТА

Ұлыстың ұлы күнінің негізгі нақыштарының бірі – Қыдыр ата образы. Ертеректе қазақ халқы наурыздың 21-інде ен даланы Қыдыр ата аралап, ақ батасын береді дегенге сенген. Бұл игі дәстүріміз қазіргі уақытта да маңызын жойған емес.

ҚАЗАҚТЫҢ СӘНІ – СӘЙГҮЛІК

“Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады” дейтін қазақ бәйгеге қосар атты жаратуға ерекше мән берген. Нағыз атбегі “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” шығатын жануарды алыстан таниды. Бүгінде қыл құйрықтыға қызығатын қалталы азаматтар көбейгенмен, мықты атбегілердің қатары әлі де сирек. Өңірімізге белгілі атбегі – Мақсат Азбаевпен әңгіме­лесіп, ата-бабамыздан мирас болып жеткен бекзада өнердің қазіргі жай-күйіне қанықтық.

MEREKELIK QŪTTYQTAU

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді табиғаттың жаңаруын білдіретін, үйлесімділік пен достықтың мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

“КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН НӘЗІК ҮН”

Ескі дәуірдің көмескі тартқан қатпарынан сыр шертетін жетіген аспабының ұлттық музыкада алатын орны ерекше. Құлаққа жағымды үні, орындаушылық ерекшелігі бар аспап халқымыздың бітім-болмысы, тыныс-тіршілігі мен шежіре-тарихы іспеттес. Соңғы жылдары бұл аспапты кәсіби тұрғыда дамытуға көңіл бөлініп, оған жастардың қызығушылығы артып келеді. Біздің өңірімізде жетігенде ойнап, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген өнерпаздың бірі – Сегіз сері атындағы …

“КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН НӘЗІК ҮН” Read More »

ӘСКЕРИ ИНСТИТУТТЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРЕДІ

1997 жылы ел Үкіметі республика­мыздың солтүстігінде стратегиялық маңызды оқу орнын ашу туралы шешім қабылдаған еді. Дәл сол жылы білім ор­дасының ашылу салтанатына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Солтүстіктің суық климатында тұрып, сынақтан өткен жас сардарлар болашақта еліміздің қорғаныс саласының мықты кадрлары болатынына сенімдімін”, деп атап өткен болатын.

ӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының ұжымы Наурыз мейрамына орай “Ұлыстың ұлы күні” атты өнер жәрмеңкесін өткізді.

БҰҰ Бас хатшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем елдері тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Ұйым басшысының құттықтауы ШЫҰ Хатшылығының Бейжіңдегі ғимаратында Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан іс-шараның аясында көрсетілді.