«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘСТҮРІМІЗ ДӘРІПТЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жер-Ана бусанып, аузымыз аққа кенелетін қасиетті мейрамда көктемнің шуағы мейірімін төгіп, адамдар қуаныш пен шаттыққа бөленеді. Көптен көріспеген адамдар бір-бірімен қауышып, арқа-жарқа болады. Молшы­лық пен берекенің нышанындай қыс­тан қалған сүр ет, сары бауырсақ, құрт-майды наурыз дастарқанынан та­басыз. Наурызкөже дайындалып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелетін мейрамда адамдардың да көңілі тазарып, жақсылық жасауға ұмтылады.

“Самарқанның көк тасы жібіген күн” деп текке айтылмаса керек. Бұл сөздің астарында терең мән-мағына бар. Бірін­шіден, бұл табиғатқа қатысты айтылған түсінік болса, екіншіден, адамдардың пейілімен байланыстырылған. Яғни, Наурыз кешірім айы десек те болады.
Түркі халықтарына ортақ мерекеде салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың өзара үйлесім табуы бір ғанибет емес пе? Сондықтан халқымыз үшін қастерлі мей­рамды өзіміздің отбасымызбен атап өту дәстүрге айналды. Балаларымызға Ұлыс күнінің маңызын түсіндіріп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өзіміздің ісімізбен үлгі көрсетеміз. Сондықтан Жаңа жылымыз құт-береке әкеліп, жақсылығымен, қуанышымен келсін. Бастысы ел аман, жұрт тыныш болғай.
Сәкен ӘМРИН,
Мағжан Жұмабаев аудандық
ауруханасының бас дәрігері.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp