Солтүстік Қазақстан полицейлері жыл басынан бері жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған 24 жүргізушіні іздеп тапты.
Соның ішінде Караванная көшесінде жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған «Audi» көлігін арттан қатты келіп, айналып өтпек болғанда қатты соғып, өзі қашып кеткен «Toyota Alphard» автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Бейнежазбада бұзушының нөмірлік белгісін көру мүмкін болмаған, тек көліктің РФ тіркелгені белгілі болды. Әкімшілік өндірісті қамтамасыз ету үшін көліктің нөмірлік белгілері алынды. Енді ол жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны және жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалғаны үшін айыпталады. Жүргізушіге айыппұлдар салынуы және басқару құқығынан 1 жылға дейін айырылуы мүмкін.
https://egemen.kz