«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Төрлет, Сиыр жылы!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тышқан жылы “GOVID-19” ата­уын иеленген коронавирус­тық індетпен ұмытылмастай ес­те қалды. Тосыннан келген пан­демия миллиондаған адамды ажал тырнағына іліктіріп, төрт­күл дүниені бір тарының қауы­зына сыйғызғандай үлкен әбі­герге түсірді. Сол себепті бо­лар, Тышқан жылы тарих қойна­уына еніп, жыл қайыру бойын­ша Сиыр жылы табалдырықтан аттағанда жақсылық күтіп, иы­ғымыздан ауыр жүк түскен­дей жеңілденген көңіл күй кешке­німіз рас.

 Биылғы Сиыр жылының бір ерекшелігі – мерейтойларға то­лы. Жыр алыбы Жамбылдың – 175, Алаш арысы Әлихан Бө­кей­ханның – 155, күш атасы Қа­жы­мұ­қанның – 150, Исатай Тай­ман­ұлының – 230, Ыбырай Ал­тын­сариннің – 180, Дина Нұр­пейі­сованың – 160, Ахмет Жұ­ба­нов­тың – 115, Латиф Хами­дидің – 115, Қасым Аманжолов­тың – 110, Салық Зимановтың – 100 жыл­дығын, “Айқап” журна­лының шық­қанына 110 жыл то­латы­нын айта кеткен жөн. Ең шоқ­ты­ғы биік, бірегей мейрам, әрине, Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 30 жылдығы! Мем­лекет басшысы Қасым-Жо­март То­қаев­тың “Тәуелсіздік бә­рінен қымбат” мақаласындағы: “Тә­уел­сіз ел болу оны жария­лау­мен немесе мемлекеттің ір­гетасын қа­лаумен шектелмей­ді. Тәуел­сіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті ел­дік саясатпен мәңгі жал­ғасады”, – деген сөздері ұл­ты­мыздың ұлы ұстыны – қас­терлі Тәуел­сіздігімізді патриот­тық рухта ас­қақтата беруді бас­ты мұрат тұт­қан әр қазақстан­дыққа үлкен ой салары анық.
Болжамдар Сиыр жылы өт­кен жылға қарағанда жемісті бо­лып, экономика мен саясатта тұ­рақтылық орнайды дегенге сая­ды. Десек те, шағын кәсіп иеле­ріне белді бекем буып, қиын­дық­тарға қарсы тұруларына ту­ра ке­леді. Бір қуантарлығы, ін­дет бір­тіндеп азая бастайды.
Нумеролог Жанна Кеңес­бае­ва ірі көлемде кредит және қа­рыз алмауға, проблема­лар­ды же­ке шешуге кеңес береді. Ке­зін­де көріпкел Ванганың 2021 жыл бетбұрыс кезеңі бо­луы ық­ти­мал деп айтқан сәуе­гейлігін ес­ке алсақ, есіктен еніп, төрге оз­ған Сиыр жылынан жұрт­шылық тек жан жадыратар игі­лікті істер ғана күтетіні заң­ды.
Қазақ халқының мифология­лық наным-сенімінде алар орны ерекше сүтті жануар – сиыр ат­қарылатын қат-қабат шаруалар­дың, реформалардың піріне ай­на­лып, елімізге бірлік, халқы­мыз­ға тыныштық, дастарқаны­мызға молшылық, шаңырағы­мызға шаттық әкелсін деген ақжарма тілек айтқымыз келеді.
Өмір ЕСҚАЛИ,
“Soltüstık Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp