18 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Франция, Мальдив Республикасы, Кипр, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді.
3 771 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 414 адам, анықтамасыз 357 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 1 932 жолаушы, анықтамамен – 1 803, анықтамасыз – 129;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 200 жолаушы, анықтамамен – 972, анықтамасыз – 228;
Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 490 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 149 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Анықтамасыз келген 387 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде үш жолаушы Шарм эль-Шейх – Алматы рейсімен, бір жолаушы Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.
https://egemen.kz