«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕМГЕ ОРТАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ халқы Ұлыстың Ұлы күні деп той­лай­тын ұлттық мереке – әлемнің көптеген ха­лықтарына ортақ. Көктемнің төрімізге жетіп, табиғаттың жаңаруын білдіретін мейрамды Әзірбайжан, Алба­ния, Ауғанстан, Индия, Иран, Қыр­ғызстан, Македония, Ресей, Тәжік­стан, Түркіменстан, Түркия мен Өзбекстан да атап өтеді. Бір­қатар елде бұл мейрамға мем­лекеттік мәртебе берілген.

Оңтүстігіміздегі көршіміз – өз­бек жұрты көктем мерекесін той­лауды наурыздың 21-інде бас­тап, екі апта көлемінде той мен ойын­ның көрігін қыздырады. Ел кө­лемінде ме­рекелік шаралар ұйымдастырылып, олар­ға жұрт­шылық бірі қалыспай жиналады. Өз­бектің игі дәстүрлеріне сай кең дастарқан жайылып, мере­келік базарлар, ат жарысы ұйым­дастырылады.
Қырғыздар болса, Нооруз мей­рамына орай Бішкек қаласының басты алаңында жылдың ең ірі той-думанын ұйымдасты­ра­ды. Мерекенің басталғаны жайлы қарнай, сыр­най­дың жаңғырған үні белгі беріп, әр ша­ңырақта дас­таркондар жайылып, суме­лек, чон-көже ұсынылады. Бір-бірін қонақ қылып, күтіп құрметтеген жұрт кейін “айқұш-ұйқыш”, ауда­рыспақ ойындарына атсалы­сады.
Тәжіктердегі Навруздың бас­ты нышаны – от. Қызыл жалын са­уықтырып, тазартатын қа­сиетке ие болғандықтан, бауырлас ха­лық өкіл­дері ойындарда, көрініс­терде отты жиі пайдаланады. Төр­ге жеткен жылда бай-қуат­ты болу үшін олар мереке күні отты ай­налып жүреді. Мейрамның тағы бір нышаны – өрген дән. Биыл Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласының жұртшы­лы­ғы Наурызға орай өнген бидай­дың алып мүсінін әзірле­ген. Ны­шанның биіктігі 30 метрді құрай­ды. Мерекелік шаралар наурыз­дың 21-і мен 24-і аралығында жалғасады.
Жыл сайын бауырлас түрік, күрд халықта­ры да Неврузды атап өтеді. Бұл елде мей­ман­дар дастарқандағы сұмалақтан ауыз тие­ді. Сонымен қатар жұмыртқа бояу, өнген бидай мен майшам да түрік еліндегі Наурыз ме­рекесінің нышандары саналады.
Соңғы 15 жылдың көлемінде Наурыз Ре­сейде де аталып өтіле бастады. Әсіресе, бұл мейрамды көрші федерацияның Башқұрт­стан, Татарстан мен Дағыстан жұрты ерекше етіп тойлайды. Әлемді жайлаған індеттің сал­дарынан биыл алғаш рет Ресей басшылығы Нау­рызды онлайн той­лауға бел буған. Ме­ре­ке көшеде думандатқан жұртшы­лықсыз өткі­зілсе де, дәстүрлі шара­ларды тікелей эфир­де тама­шалауға мүмкіндік жасалып отыр.


Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp