«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының ұжымы Наурыз мейрамына орай “Ұлыстың ұлы күні” атты өнер жәрмеңкесін өткізді.

Онда театр қызметкерлері­нен құралған бес команда өзара бақ сынасты. Сәбит Мұқанов, Қызылжар, Наурыз, Хан, Мағжан Жұмабаев сынды бес ауылға бөлінген командалар театрландырылған көрініс қойды. Асыл қазынамызды композицияға арқау еткен шығармашылық ұжым айгөлек, желке тартыс, соқыр теке, асық ату, шыт тастау ойындары бойынша да сынға түсті.
– Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, халқымыздың құндылықта­рын ұлықтау. Наурыз – ынтымақ-бірлік мерекесі. Сондықтан ұжымның ауызбіршілігі мен татулығын, ынтымақ-берекесін арқау етіп, театрішілік сайыс өткізуді жөн көрдік, – деді С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Нұрислам Әбділ.
Сапура Тәшенова, Қымбат Исманова, Жамбыл Тасеменов сынды аға ұрпақ өкілдері қазылық еткен сайыс қорытындысы бойынша әр команда “Берекелі ауыл”, “Қазыналы ауыл”, “Үлгілі ауыл”, “Сауықшыл ауыл”, “Жаңашыл ауыл” сынды аталымдар бойынша марапатталды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp