Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді табиғаттың жаңаруын білдіретін, үйлесімділік пен достықтың мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Күн мен түннің теңелген сәті – жылдың басы, біздің басты мерекелеріміздің бірі.
Әз Наурыз ұлты мен дініне қарамастан, Қазақстанда тұратын барлық этностар үшін біріктіруші мейрамға айналды. Оның адамдар арасындағы достық пен сенімді нығайтудағы, ұлттық дәстүрлерді сақтаудағы рөлі ерекше.
Өкінішке қарай, коронавирустық пандемия өз түзетулерін енгізді. Алайда, көктемнің келуімен байланысты мерекелік көңіл күйді ештеңе де түсіре алмайды.
Ұлыстың ұлы күні – бірлік пен жаңа өмірдің бастауы. Ол өзара көмек пен жақындардың қолдауын, достық пен мейірімділікті әспеттейді. Бүгінгі таңда бұл өте маңызды.
Еліміздің бай рухани мұрасының жарқын символына айналған әз Наурыз әрбір жанға мықты денсаулық, отбасылық амандық, қуаныш пен бақыт, өркендеу мен молшылық әкелсін!
Құмар АҚСАҚАЛОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.