«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.03.2021

ЖҰМЫСЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасы қалпына келгендіктен, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғанын хабарлаймыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің көрнекті мемлекет қайраткері және танымал саясаткері, Қаржы және өнеркәсіп министрі Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның дүниеден өтуіне байланысты БАӘ-нің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әміршісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айту жеделхатын жолдады.

БОЗ КІЛЕМДЕ – ЖАС БАЛУАНДАР

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс орталығында қазақ күресінен қала біріншілігі өтті. Ұлттық спортты ұлықтаған дода 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. 125 жас балуан 11 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

ТӘРКІЛЕНГЕН МҮЛІК КӘДЕГЕ ЖАРАДЫ

Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері қызғылықты деректермен бөлісті. Заң бойынша, мемлекеттік қызметші өзіне ұсынылған сыйлықты осы департаментке өткізуі тиіс. Белгілі болғанындай, сондай сыйлықтардың арасында қойын кітапшасы, қалам, сағат сияқты заттар бар. Тіпті жарамдылық мерзімі өтіп кеткен кәмпит те кездесіпті. Бірақ оны құртуға тура келген. Ең үлкен сыйлық – мемлекеттік қызметшіге 2010 жылы шығарылған …

ТӘРКІЛЕНГЕН МҮЛІК КӘДЕГЕ ЖАРАДЫ Read More »

Көгілдір отын құны өседі

“Горгаз-сервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі газ бағасын қымбаттатпақшы. Бұл мәселе қоғамдық тыңдауда көтерілді. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитеттің жергілікті департаменті ұсынысты құптаса, тұтынушыларға саудаланатын газдың шекті құны бір текше метрі үшін қосымша құн салығын есептегенде 615,4 теңгені құрамақ.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТОҚТАТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасындағы техникалық ақаулықтарға байланысты бүгін сағат 9:00-ден бастап республика бойынша барлық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта ІІМ қызметкерлері базаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Облыста қауіпті індет жұқтырған науқастардың жалпы саны 12933 адамға жетті. 24 наурыздағы жағдай бойынша өңірде 7 адамнан ауру анықталды. Алтауында ауру белгісі бар.

Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтілді

Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы Наурызды жаңаша атап өту, мерекенің әр сәті елге пайдасы тиетін, ұрпаққа өнеге болатын игілікті іске ұласуы тиіс талабына орай Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шаралар облыс орталығында өзгеше мазмұнда ұйымдастырылып, тәрбиелік, танымдық маңызына барынша назар аударылды.

ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ДАҢҒЫЛЫ Жамбылдың 175 жылдығына арналған айтыс өтті

Делебесі қозатын ән-жыр десе, Күлкісі де оянар қалжың десе, Бәрін айт та, бірін айт, өзі айтпақшы, Қазақта жұрт біледі Жамбыл десе, –демекші, биыл халық ақыны, жыршы бабамыз Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы. Петропавл қаласында жыр жауынгерінің мерейтойына арналған «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» атты облыстық ақындар айтысы өтті.

Коронавирус: Үшінші толқын басталды

Еуропаның бірқатар елі коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталғанын мәлімдеді. Инфекция жұқтырған науқастар саны күн санап артуда. Оған қоса, жақында Еурокомиссия төрағасының орынбасары коронавируске қарсы вакцинаға тапсырыс берерде қате кеткенін мәлімдеді. Дегенмен Франс Тиммерманс қорытынды жасауға асығар емес.