Ведомствоаралық комиссияның Телеграмдағы парақшасында 24 наурызда халықаралық әуе рейстермен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды.
Кеше Қазақстанның аумағына Германия, Италия, Мальдив Республикасы, Корея Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Монғолия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 42 халықаралық әуе рейсі қонды.
5 176 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 133 адам, анықтамасыз 43 ҚР азаматы болды. Соның ішінде Алматы қаласының әуежайына – 22 рейс, 2 813 жолаушы, анықтамамен – 2 781, анықтамасыз – 32;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 727 жолаушы, анықтамамен – 716; анықтамасыз – 11;
Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, барлық 1 115 жолаушы анықтамамен;
Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 471 жолаушы анықтамамен;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 50 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр. Ал анықтамасыз келген 32 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Ыстанбұл – Алматы рейсімен, екінші жолаушы Киев – Нұр-Сұлтан рейсімен ұшып келген.
https://egemen.kz