Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасындағы техникалық ақаулықтарға байланысты бүгін сағат 9:00-ден бастап республика бойынша барлық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды.
Қазіргі уақытта ІІМ қызметкерлері базаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. База жұмысы қалпына келтірілген жағдайда қосымша хабарланады.