Турпакеттерге міндетті ПТР-тестілеуден өту енгізілді.
Енді шетелде жүрген қазақстандықтарға елге ораларда тестілеу үшін өз бетінше зертхана іздеудің қажеті жоқ, бұл шаруаны туроператорлар атқарады. Мұндай шешім Коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданып, 20 наурыздан бастап күшіне енді.