«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ашық диалог алаңы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жыл басынан бері жұртшылық тарапынан келіп-түскен 127 өтінішті қарады. Бұл туралы «Antikor Live» жобасының тікелей эфирінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлімдеді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында агенттік тарапынан азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенімін арттыру бойынша нақты іс-шаралар қабылданып, белсенділік күшейе түскенін атап өткен жөн. Тұрғындардың сұрақтарына уақытылы жауап беру үшін қызмет көрсетудің сервистік моделінің негізі қаланған. Мұндай жұмыс форматы әртүрлі әкімшілік кедергілерді жоюға, азаматтарға ыңғайлы жағдайда жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік тудырады.
«Департаментте азаматтық бастамаларды қолдау, өтініш білдірген азаматтардың мәселелерін шешу, құқықтық көмек көрсету үшін ашық диалог алаңы болып табылатын «Antikor ortalyǵy» клиентке бағдарланған сервис орталығы жұмыс істейді. Онда күн сайын қабылдау жүргізіледі, заң көмегі көрсетіледі. Проблемалық мәселелер бойынша кеңестер беріледі», – деді Нұрлан Серікұлы.
Жыл басынан департаментке жеке адамдардан – 112, заңды тұлғалардан 15 өтініш келіп түскен. Олардың 12-і сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа, 32-і іс жүргізудегі қылмыстық фактілерге қатысты. Уәкілетті органдарға 31, ведомстволық ұйымдарға 68 шағым жолданған. 38 өтініш бойынша түсініктемелер берілген. 18 адам қоғамдық қабылдауға жазылып, қанағаттанарлық жауап алды.
Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің
бас маманы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp