«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Парасат жолы» орталығы ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Жарқын Ғалымов Мағжан Жұмабаев ауданында болып, «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінің жұмысымен танысты.

«Qyzyljar – adaldyq alaŋy» жобалық кеңсесі өкілдерінің, тұрғындардың қатысуымен өткен кездесуде Жарқын Сайлауұлы қандай да бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне немесе мемлекеттік орган тарапынан кері байланыстың жоқтығына шағымдардың түсуі мемлекеттік органдарда немесе аудандарда толғақты проблемалардың орын алғанын айғақтайтынын атап өтті.
– Әлемдегі сервистің үздік үлгілерінің тәжірибесіне сүйенсек, бұл салада ұсақ-түйек мәселе болмайды. Қызмет алушылар үшін екі тарап арасында қолданылатын сөз тіркестерінен бастап, бет әлпеті мен сыртқы келбетіне дейін барлығы маңызды. Дәл осы тәсіл қазақстандық мемлекеттік аппараттың инновациялық модельге көшуін жеделдетуге мүмкіндік береді, – деді ведомство басшысы.
Жарқын Ғалымов жұмыс сапары барысында орталық кітапханада «Парасат жолы» орталығының ашылуына қатысып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына оң бағасын берді. Орталық өткір мәселелерді бірлесіп талқылайтын пікірталас алаңына айналады деген сенім мол. Соңғы кездері электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны артып келеді. Жергілікті әкімдіктер мен ұйымдарда 30-дан астам өзіне-өзі қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. «Ашық әкімдік» кеңсесінде орналасқан терминал арқылы барлық салықтар мен айыппұлдарды төлеуге болады.
Департамент басшысы аудан активімен кездесіп, сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатаңдату жөніндегі заңнамалық бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсағаны үшін жауапкершілік күшейтілетіні, мемлекеттік сатып алу рәсімдеулеріндегі заңдылықты қатаң сақтау ескертілді. Жарқын Ғалымовтың айтуынша, заңсыз баюдың жолын кесу, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру, «integrity check» тестілеу енгізу, пара беруге уәде еткені (ұсынғаны) үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту шаралары көзделген.
Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің
бас маманы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp