«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЙЛАУШЫЛАР САУАЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихат депутаттары «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы сайлаушылармен жүздесіп, «Депутатқа сауал қой» айдарына келіп түскен сауалдарға жауап берді. Жергілікті маңызы бар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде кері байланыс орнатудың тиімді тәсіл екенін айта кеткен жөн.

Бүгінгі күні мәслихаттар қоғамдық өмірдің барлық саласына белсене араласуда. Бұл жолғы онлайн-қабылдау сипатындағы тікелей эфирге жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың бір топ депутаты қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мәслихаттағы фракцияның жетекшісі Әсем Рахметова өңір жұртшылығын саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысымен таныстырды. Облыстық мәслихатқа сайланған 30 депутаттың 24-і нұротандық болса, 30 пайызын – әйелдер, 23 пайызын жастар құрайды. «Жеті бағытты қамтитын «Жол картасы» шеңберінде әрбір жоспар мен уәделердің жүзеге асырылуы қадағаланып отырады. Кестеге сәйкес, азаматтарды қабылдау күндері ұйымдастырылып, тұрғындардың мәселелерін шешудің барлық мүмкіндіктері қарастырылады. Алдағы уақытта да депутаттар мен сайлаушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас, ашық диалог өз жалғасын табатын болады», – дей келіп Әсем Қалашбайқызы шағын елді мекендердің болашағына алаңдаған Болат Бейсенбаевтың сауалына былай жауап берді: «Соңғы жылдары жүзден астам ауылдың жабылғаны мәлім. Қазір өңірде алты жүзге жуық елді мекен бар. Басты назар, кемінде екі жүз тұрғыны бар ауылдарды жаңғыртуға аударылады. Олардың нақты экономикалық көрсеткіштері есепке алына отырып, инфрақұрылымдық-әлеуметтік қамқорлық кешенді түрде атқарылады». «Береке» шағынауданы аумағында орналасқан Батыр Баян көшесі ғана тазаланады, қар құрсауында қалған басқа көшелерге қашан көңіл бөлінеді?» – деген сауалға жағдай тұрақты бақылауға алынатынын жеткізді.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті Аида Хамзинаны жастардың жұмысқа орналасуы мәселесі толғандырса, Самрат Құскенов мән-мағынасы жоқ көше атауларын өзгертудің мезгілі жеткенін жеткізді. Облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенкоға, депутаттар Елена Левинаға, Орынбасар Ысқақоваға, Біржан Жалғасбаевқа жолданған сауалдар негізінен әлеуметтік мәселелерге арналды.
«Nur Otan» партиясы фракциясы мүшелерінің қатысуымен өтетін «Депутатқа сұрақ қой» айдары тікелей эфирде тоқсан сайын ұйымдастырылады.


Ілияс СӘБДИНОВ,
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының
баспасөз хатшысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp