«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауыл тұрғынынан марихуана тәркіленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданының тұрғынан 3,5 кг марихуана тәркіленді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде «Транзит» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Операция аясында тәртіп сақшылары Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінің 35 жастағы тұрғынынан өсімдік тектес зат салынған 7 пакет тапқан. Сараптама оның жалпы салмағы 3,5 кг астам кептірілген марихуана екенін көрсетті. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Ұсталған ер адамның айтуынша, жазда оның қараусыз қалған бақшасында жабайы қарасора шыққан. Учаскелік полиция инспекторы өсімдікті көріп, оны жою қажеттігі туралы ұйғарым шығарған. Көп ұзамай ауыл тұрғыны учаскелік инспекторға шабылған қарасораны көрсеткен. Алайда, тұрғын оны жинап кептіріп, кейін оны өзі пайдалану үшін үйінде сақтаған. Аталған факті «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. «Облыста өткізілген «Транзит» іс-шарасы барысында 23 құқық бұзушылық анықталды. Оның біреуі контрабанда, екеуі аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтауға қатысты. 4 кг астам есірткі мен психотроптық заттар, оның ішінде 500 гр синтетикалық есірткі алынды», – дейді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp