Елімізде тұрғындарға екпе егу үшін жылжымалы егу пункттері немесе көшпелі егу бригадалары ұйымдастырылады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысында айтылған.
«Жекелеген жағдайларда (халық санының аздығы, стационарлық егу кабинетінің болмауы, ұйымдастырылған, температуралық режимі төмен тоңазытқыш жабдығының болмауы, ұйымдастырылған ұжымдарда, адамдар көп жиналатын орындарда вакцинация жүргізу кезінде) вакцинация жүргізу үшін жылжымалы егу пунктері немесе көшпелі егу бригадалары ұйымдастырылады», – делінген қаулы мәтінінде.
https://www.inform.kz