Өңіріміздің «Барс» баскетбол клубы жоғары лига командалары арасындағы XXVIII ел біріншілігінде топ жарды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жергілікті спортшыларды айтулы жеңісімен құттықтады.
«Баскетбол әлемінен жақсы жаңалық. Біздің «Барс» командасы Солтүстік Қазақстан баскетболы тарихында алғаш рет ел чемпионы атанды. Біздің клубта легионерлер жоқ, барлығы өзіміздің ойыншылар екенін ерекше айта кеткен жөн. Легионерлерсіз де жеңіске жетуге болады. Мен баскетболшыларды және барлық спортсүйер қауымды маңызды жеңіспен құттықтаймын! «Барс», чемпион!», – деп жазды Құмар Іргебайұлы.
Петропавлдық ұжым чемпионат барысындағы 24 ойынның 21-інде қарсыластарынан басым түсіп, тек үш кездесуде ғана есе жіберді.
Қанат АТАМАНОВ,
«Soltüstık Qazaqstan».