«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ван Гогтың суреті рекордты сомаға сатылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Винсент Ван Гогтың ешқашан көрмеге қойылмаған суреті Париждегі Sotheby’s үйінде 13 миллионнан астам еуроға (6 миллиард теңгеден астам) сатылды.

Картинаның сатылымы Модильяни, Родин, Камилла Клодель, Дега, Кли және Магритт сияқты суретшілердің 33 туындысы қойылған аукционды аяқтады. «Винсент Ван Гогтың ғасырлар бойы жеке коллекцияда болған және осы аптада алғаш рет көпшілік назарына ұсынылған «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы Парижде 13 091250 еуроға сатылды», – деп хабарланды аукцион үйінің «Twitter» парақшасында. «Монмартрдағы көше көрінісін» Ван Гог 1887 жылы Парижде ағасы Теомен бірге тұрған кезде салған. Картинада Монмартрдың нышандарының бірі – Мулен де ла Галеттегі жел диірмені бейнеленген. Бұл жұмыс 1920 жылдан бастап жеке коллекцияда сақталып келген. «Монмартр кезеңіндегі Ван Гогтың суреттері әлемдегі беделді мұражай коллекцияларында емес, жеке коллекцияларда сақталады. Осындай аңызға айналған туындының нарыққа шығуы өте маңызды оқиға», – деп мәлімдеді Sotheby’s өкілдері. Айта кету керек, суреттің алдын ала бағасы 5-8 миллион еуроны құраған.

https://www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp