Бұдан былай шетелге шығатын Қазақстан азаматтары ПТР-тест үшін қаржыны өз қалтасынан төлейді.
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Анықтама құны турпакеттің құнына кіреді.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені бұған дейін де бірнеше рет талқылаған болатын.
«Атамекеннің» басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның айтуынша, шетелге барып келетіндер арасында ПТР-тест тапсыру мәселесі ұзақ талқыланды. Себебі эпидемиологиялық ахуалға байланысты ұшаққа жолаушыларды отырғызуға қатысты әр мемлекетте әртүрлі талап бар.
«Ұшақпен қатынайтын жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ПТР-тест нәтижесінің алдын ала дайын болғаны тиімді. Сан түрлі себеп айтып, тестілеуден өтпейтіндер де бар. «Тестілеуден өтіп үлгермедік дегендер де болды. Кейбірі зертхана таппадық», – дейді. Енді бірінің қаражаты тапшы болған», – деді.
Сондықтан бұдан былай саяхаттайтындар мен шетелге іссапарға шығатындар уақыт жоғалтпайды. Алдын ала келісілген зертханада сынақтан өтеді. ПТР-тест құнын төлеуден бас тартқандарға турпакет сатылмайды. Жаңа шешім туристер санының артуына ықпал етеді.
https://aikyn.kz/