Көкөністерден қызанақ жемісінің қоңыр әжім вирусы табылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.
Жыл басынан бері Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан және Түркиядан тасымалданған жалпы салмағы 700 тоннадан асатын 50 шақты қызанақ партиясын анықтады.
Көкөністерден қызанақтың қоңыр әжім вирусы (ToBRFV) анықталғандықтан, Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салынды.
Айта кетейік, есепті кезеңде комитет экспорттаушы елдерге өнімнің фитосанитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес келмейтіні туралы 297 нотификация жіберді, оның 53-і қызанақтан қоңыр әжім вирусының анықталғаны туралы хабарлама.
https://egemen.kz