«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.03.2021

ҚЫЗЫЛЖАР АҚЫНДАРЫНЫҢ ЖЫР АЛАМАНЫ

Н.Погодин атындағы орыс дра­ма театрына кіл жүйріктердің бә­се­кесін тамашалауға келген жұрт­шылықты облыс әкімінің атынан оның орынбасары Ғани Нығы­ме­тов құттықтады. Өңірімізде айтыс өне­рінің дамып келе жатқанын тілге тиек еткен ол жергілікті билік руха­ниятқа әрқашан қолдау білдіре­ті­нін атап өтті.

Сәуір болмай, тәуір болмас!

Ғабеңнің “Боранды түнде” әңгімесі мен Сәбеңнің “Өмір мектебіндегі” қосшы бала атанған тұсты суреттейтін жерін қайта-қайта оқығандықтан болар, әйтеуір, ұлып тұрған, табиғаттың қаһарына шыдап, ақ түтекте жол тауып, үйге аман жетуді ерлік санаушы едім. Бұған көңіл түкпірінде қалған, атамнан естіген әңгімелердің де, әсер етуі ғажап емес. Қыстың ұзақ кештерінде, ұйқыға жатқанша атамды айналдырушы едім.

Ақылдың кені

Кітапхана елдің мәдениеті мен әдебиетінің ошағы ғана емес, бірлік пен келісімді нығайтуға қызмет ететін қастерлі орын. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана Тәуелсіздік жылдарында толайым табыстарға жетіп, еліміздегі үздік ұйымдардың алдына шықты.

Хас сұлудың көз жасындай

 “Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер”, – деп сөз зергері Ғабит Мүсірепов адамзатты рухани тазалыққа тәрбиелеуде театрға жоғары баға берген еді. Ол рас. Театр – тәрбие мектебі. Өңірдегі қазақ руханиятының алтын діңгегі – С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Дәурен Тойбазаровпен сұхбаттасып, өнер ордасының егемендіктің 30 жылдығына тартуы, …

Хас сұлудың көз жасындай Read More »

Мүсірепов музейі

  Ғабит Мүсіреповтің музей-үйі жазушының 90 жылдығы қарсаңында 1992 жылы ашылған болатын. Музейде 500-ден астам жәдігер сақтаулы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жәдігерлер саны шектеулі болатын. Бүгінде қоры толықтырылуда. Музей әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Әдеби бөлімде жазушының өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертетін экспонаттар қойылған. Екінші мемориалдық бөлмеде жұмыс кабинеті мен демалатын бөлмесі, көзі тірісінде тұтынған, …

Мүсірепов музейі Read More »

Derekter men däiekter

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2000 жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялаған кезеңнен бастап инвесторлардың қатысуымен бұрын жұмыс істегендерді қалпына келтіру мен жаңадан ашылған нысандардың есебінен мәдениет мекемелерінің саны өсті. Соның ішінде: