Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ
1949 жылдың 9 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын (бұрынғы Сергеев) ауданына қарасты Балуан ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын өзінің туған ауылында шопан, тракторшы болып бастаған ол Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» (қазіргі «Солтүстік Қазақстан») газетінде кіші әдеби қызметкер, әдеби қызметкер, тілші, бөлім меңгерушісі міндеттерін атқарды.