Қазақстанда оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандарға төленетін біржолғы жәрдемақы мөлшері көбейеді.
Біржолғы жәрдемақы 35-тен 70 АЕК-ке дейін көбейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.
«Солтүстікке қоныс аударғандарды жұмыспен қамтып, жаңа жерге бейімдеу үшін көшуге берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 35 АЕК-тен (102 095 теңгеден) 70 АЕК-ке (204 190 теңгеге) дейін көбейтілмек», – деді министр.
Министр 2021-2025 жылдары аралығында солтүстікке 10 мыңнан астам жұмыс күшін көшіру жоспарда бар екенін айтты.
https://aikyn.kz/