Қазақстан Президенті «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиынға қатысты
Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс мұрындық болды. Іс-шара COVID-19 пандемиясы кезеңінде халықаралық күш-жігерді даму бағытын қаржыландыру саласына қарай жұмылдыруға арналды.