«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ ҮСТЕМЕАҚЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет денсаулық сақтау саласына қарасты үш ұйымға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп, нәтижелерін жариялады. Орын алған олқылықтарды жою жөнінде 41 ұсыныс әзірленді. Департамент басшысы Жарқын Ғалымов талдау жұмыстарын жүргізу кезінде «Covid-19» пандемиясының алдын алуға, атап айтқанда, жеке қорғаныс құралдарын, медициналық жабдықтарды сатып алуды жүзеге асыруға және медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалануға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Тексеру комиссиясы бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу барысында денсаулық сақтау басқармасы жеке қорғаныш киімдерін жоғары бағамен сатып алғанын анықтаған. Мәселен, «СК-Фармация» ЖШС-і бір костюмді 25540 теңгеге сатып алса, денсаулық сақтау басқармасы 40327 теңге төлеген. Осылайша 115 млн. теңгені үнемдеудің орына ысырып еткен. Қорғаныш заттарын алдыртқанда баға ұсыныстарын жүргізу мүлдем ескерілмеген.
Сол сияқты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлеріне үстемақы төлеуде кемшіліктердің кеткені тіркелген. Құжаттамалық жұмыстармен айналысқан, яғни коронавирусқа қарсы тікелей күреске жұмылдырылмаған мамандарға үстемақы заңсыз тағайындалған. Мұндай төлемдер мөлшері жарты млн.теңгеден асады. Негізсіз төленген қаржы бюджетке қайтарылды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Soltüstık Qazaqstan». 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp