«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зәйтүн СЫЗДЫҚОВ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1900 жылы бұрынғы Қарқаралы уезінің Семей губерниясындағы Бөріқара болысының № 1 ауылында туған. 1920-1921 жылдары Қарқаралы көлік бөлімінде еңбек жолын бастаған. 1921-1922 жылдары Қарқаралы қаласында кіші милиционердің киімін киіп, тәртіп күзетінде тұрды.

1922-1924 жылдары Семейде іс-қағаздарын жүргізу курсында тыңдаушы болды. 1924-1926 жылдары Семей губерниялық советтік партия мектебінде оқыды. 1926-1927 жылдары Семей уезіндегі Қызылтаң, 1927-1928 жылдары Шыңғыстау болыстарының төрағасы болды.

1931 жылы Ақмола аудандық «Жаңа арқа» газетінің жауапты редакторы болып, журналистік сапарын бастады. 1933 жылы Батыс Қазақстан облысындағы «Екпінді құрылыс» газетінің тізгінін ұстады. 1933-1934 жылдары Гурьев округтік «Социалды құрылыс» газетінің редакциясын басқарды. 1934-1936 жылдары Шымкенттегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жауапты редакторы болды.

1936-1937 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің нұсқаушысы қызметін атқарды. 1938 жылы  «Социалистік Қазақстан» газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі болды.

1938-1939 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінің жауапты редакторы болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp