Қоғам қайраткері. 1917 жылы көктемде Омбы уездік қазақ комитетінің төрағасы, қараша айында «Үш жүз» партиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі партия ОК-нің алғашқы төрағасы болды. Партия басшылығы екі жікке бөлінгенде, Әйтпенов «Үш жүзді» тастап, Алашқа қосылды. «Кедей сөзі» газетіне басшылық жасады.