«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРАЛАС ФОРМАТТА ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәуірдің бірінен 2020-2021 оқужылының 4-тоқсаны басталады. Өңіріміздегі мектептердің оқушылары бұл тоқсанда аралас форматта білім алмақ.

Облыстағы он төрт жарым мың тәлімгер өткен оқу жылының 4-ші тоқсанынан бері оқуларын қашықтан жалғастырып келген еді. Бұлар негізінен бала саны 300-ден асатын мектептердің 6,7,8,10-сынып оқушылары. Сәуірдің 1-інен аталған балалардың барлығы аралас форматта білім ала бастайды.
– Пәндердің 70 пайызы, атап айтқанда, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, қазақ, орыс, шет тілдері мектепте, ал қалған 30 пайызы көркем еңбек, өзін-өзі тану, қоғам және дін, бастапқы әскери дайындық, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, графика және жобалау, сонымен қатар факультативтер қашықтан оқытылатын болады. Сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспауы керек. Әр сабақ 40 минутқа созылады, – деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифинг барысында облыстық білім басқарамасының басшысы Гүлмира Кәрімова.
Осыған дейін, үшінші тоқсаннан аталған форматқа 5,9,11-сыныптар көшірілген болатын. Ал оқушылар саны 300-ден аспайтын мектептерде дәстүрлі білім беру оқу жылының басынан ұйымдастырылды. Ұстаздар мен оқушылардың арасында коронавирус жұқтырғандар табылып, облысымыз немесе жекелеген елді-мекендер жасыл аймақтан сары аймаққа өтсе, тиісті шектеу шаралары қолға алынып, қайтадан қашықтан оқыту қолға алынады. Сонымен қатар, ата-аналары мен туыстары ауырған оқушыларға сабақты қашықтан жалғастыру мүмкіндігі беріліп отыр.
-Алдағы тоқсанда өңірдегі екі білім ошағында оқу қашықтан оқыту форматында басталады. Бұлар – Қызылжар ауданындағы Вагилуно және М.Жұмабаев ауданындағы Медвежка орта мектептері. Қауіпті індетті 8 оқушы және 5 мұғалімнің жұқтырғаны анықталды, – деді ГүлмираКәрімова.
Коронавирустың таралуын болдырмау үшін мектептерде төрт деңгейлік қуіпсіздік шаралары қатаң сақталмақ. Сонымен қатар, қазіргі таңда ұстаздар арасында да вирусқа қарсы вакцинациялау шаралары басталған. Бүгінге дейін облыс бойынша 609 педагог екпе салдыртыпты.
Айта кетейік, төртінші тоқсанда оқушыларға білімдерін толықтыру мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастыру мүмкіндігі де қарастырылған. Оларға бір уақытта 15 баладан қатыса алады.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,
“SoltústikQazaqstan”.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp