«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Денсаулық сақтау министрлігі маскадағы құрттарға қатысты пікір білдірді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл хабарламаларды жоққа шығарды.

Қазақстандық блогерлер медициналық маскаларды микроскоппен тексерген роликтерді талқылауда. Бетперделердің кейбіреулерінен үрлеген кезде қозғалатын қара талшықтар табылған. Пайдаланушылардың пайымдауынша, бұл паразиттер немесе моргеллон құрттар болуы мүмкін.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл хабарламаларды жоққа шығарды, – деп хабарлады stopfake.kz.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 231-бабының 2-тармағына сәйкес, ҚР аумағында дәрілік заттар өндіруді Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасына (GMP) сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған лицензия негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттарды өндіру кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарын сақтауға міндетті, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Демек, Қазақстандағы медициналық маскалар сертификатталған және қауіпсіз. Оларда құрттар мен басқа бөгде заттар жоқ.
Сонымен қатар моргеллон құрттардың бар екендігі дәлелденбеген. Олар туралы алғаш рет үй шаруасындағы әйел Мэри Лейтао айтқан. Баласы ауырып, денесінде көрінбейтін жәндіктер жыбырлап жүргеніне шағымдана бастағаннан кейін ол бұл бұрын белгісіз болған аурудың белгілері болуы мүмкін деп ойлайды. Мэри Лейтао Morgellons Research Foundation қорын құрады және Конгресс пен АҚШ үкіметінен жаңа жұқпалы ауруды зерттеу туралы шешім қабылдауына қол жеткізеді. Дегенмен, мамандар құрттарды таба алмады және олардан туындайтын нақты ауру жоқ деген қорытындыға келеді. Теріде жәндіктер мен құрттар жыбырлап жүргендей сезім, бұл – басқа аурулардың, соның ішінде дерматоз сандырақ белгілері.
Еске сала кетейік, көрнеу жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

https://aikyn.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp