Елімізде коронавирустан 21 адам қайтыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 24 642 адам короновирус инфекциясынан (22 841 КВИ+ және 1 801 КВИ-) емделсе, оның ішінде 8 327 пациент стационарда жатыр. Ал 16 315 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 353 адамның жағдайы ауыр;
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Ведомствоның мәліметінше, 30 наурызда коронавирустан 21 адам қайтыс болған. Оның 17-сінде коронавирус расталса, 4-еуі коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмониядан көз жұмған.
https://egemen.kz