Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Қызылжұлдыз ауылында туған. 1918-1920 жылдары ауылда мұғалім болып істейді. 1921-1925 жылдары Темір уездік оқу бөлімінің инспекторы, кейіннен меңгерушісі болды. 1925-1926 жылдары Ақтөбедегі «Кедей» газеті редакторының орынбасары, кейіннен редакторы болып журналистік жолын бастады. 1925-1927 жылдары «Бостандық туы» газетінің редакторы болды. 1927 жылы Петропавл педагогикалық техникумының директоры қызметіне кірісті.
1928 жылы Қызылордадағы Қазақ ағарту институтының оқу- тәрбие жұмысын басқарушы, кейіннен директоры болды. 1929-1931 жылдары Қызылордадагы «Сыр бойы» газетінің редакторының орынбасары, кейіннен редакторы болып істеді. 1931-1932 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы болды. 1931-1933 жылдары Темірдегі «Социалды майдан» газетінің редакторы болып жүріп өмірден өтті.