«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨРЕРМЕНДЕР ЫҚЫЛАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жастар сарайында Ақан сері атындағы облыстық филармония солистерінің қатысуымен камералық хордың концерті өтті.

– Пандемия жағдайында алғаш рет көрермендердің қатысуымен концерт қойдық. Бұл кешке өнерпаздар жақсы дайындалды. Концерттік бағдарлама заманауи композиторлардың шығармашылығына арналды. Көрермендер классикалық туындылар мен афроамерикандық джаз жауһарларын ерекше ықыласпен тыңдады. Сондай-ақ, қазақ композиторлары Ескендір Хасанғалиев, Кеңес Дүйсекеев пен Әліби Әбдінұровтың да репертуарынан шығармалар орындалды, – деді камералық хордың көркемдік жетекшісі және дирижері Ғалия Мұхамеджанова.
Концерттің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Колчин. Мәдени шарада атақты американдық композитор Джордж Гершвиннің операсынан үзінді келтірілгенін де айтқан жөн. Джазды сүйіп тыңдайтын көрермен концерттен көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp