«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мағжан ЖҰМАБАЕВ (1893-1938)

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақмола уезіндегі Полудин болысында (Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы) дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге түсіп, оны 1910 жылы жақсы үлгеріммен тамамдайды. Онымен де қанағаттанбай, Уфаға аттанып, дәрежесі жағынан жоғары оқу орнына пара-пар «Ғалия» медресесіне түседі. 1912 жылы «Шолпан» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейін Омбыдағы мұғалімдер семинариясына қабылданып, оны алтын медальмен бітіріп шықты.

1917-1918 жылдары «Алаш» партиясы Ақмола облыстық комитетінің мүшесі болды. Қуаныштысы сол, 1919 жылы БОАК алашордалықтарға рақымшылық жариялады. Мағжан 1918-1919 жылдары Омбыда да, 1920 жылы Петропавлда да мұғалімдер курсында педагогикадан және қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. «Педагогика» атты атышулы оқулығы – ұстаздығының жемісі.

1921 жылдың бас кезінде «Бостандық туы» газетінің редакторы болып тағайындалды. Өлең-жырлармен шектеліп қалмай, «Сайлау», «Бірінші май мейрамы», «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» сияқты мақалалар жазды.

Сонымен бірге ол қазақ-татар жастар клубының үйымдастырушыларының бірі болды. «Бостандық туында» жарық көрген «Ертек» поэмасын сонда оқып береді. «Бостандық туын» басқарудан шеттетілгеннен кейін 1922 жылдың көктемі мен жазында Ақмола губерниялық ашыққандарға көмек көрсету жөніндегі төтенше қомиссия төрағасының орынбасары болды. 1922 жылдың күзінде Түркістан республикасы басшыларының шақыруымен Ташкенттің топырағын басты. Ондағы Қазақ педагогика институтында оқытушы болумен бірге «Ақ жол» газеті мен «Шолпан», «Сана» журналдарында қызмет атқарды.

1922 жылы Мағжан Мәскеудегі Жоғары әдебиет көркемөнер институтына түсті. Оқып жүріп «Күншығыс» баспасында жұмыс істеді және Күншығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінің студенттеріне сабақ берді.

Оқуын 1927 жылы бітірген ол елге оралып, советтік партия мектебі мен педагогика техникумында оқытушы болып еңбек етті. Сонымен бірге Петропавлдағы орыс педтехникумында қазақ тілінен сабақ берді.

Қоғамның тапқа бөлінуіне Мағжан түсіністікпен қарап, 1927 жылдың 17 тамызында «Еңбекші қазақ» газетінде «Тоқсанның тобы» деген поэмасын жариялады. Бірақ республика басшылығы оның поэзиясындағы жаңа тұғырнаманы теріске шығарды.

1929 жылдың шілдесінде Мәскеуде жүргенінде ұйымдастырмақ болған «Алқа» үйірмесіне байланысты жалған айыптаумен 10 жылға сотталады. Ол жеті жыл айдауда болады. М. Горький мен оның зайыбының көмегімен мерзімінен бұрын босатылып, 1936 жылы туған өңіріне оралды. Үш ай бойы басын сыйғызар жер таба алмаған ол қыркүйектің 1-інде Пушкин атындағы №5 жетіжылдық мектепте орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып әрең орналасады. Аз-кем уақыт педтехникумда да сабақ береді.

1937 жылдың желтоқсанында Мағжан тағы да тұтқындалады. 1938 жылдың 19 наурызында оны ату үкімі орындалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp