«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сабыр АЙТҚОЖИН (1895-1937)

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көкшетау уезінің Қотыркөл болысында туған. Көкшетау мешітінің жанындағы медреседе хат танып, сауатын ашқан. 1914-1916 жылдары Қызылжардағы мұсылман-қазақ мектебінде оқыған. 1916-1919 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесінде білімін толықтырады. Онда «Садақ» журналын шығаруға қатысады.

Еңбек жолын 1919 жылы Көкшетау жер басқармасында нұсқаушы болып бастайды. 1919-1920 жылдары Көкшетау уездік халыққа білім беру мекемесінің меңгерушісі, 1920-1921 жылдары оқу комиссариатының нұсқаушысы. 1921 жылы «Кедей сөзі» газетіне қабылданады. 1922 жылы редакция Қызылжарға көшіп келгенде аты «Бостандық туы» болып өзгерген газеттің жауапты редакторы осы кісі. Ол 1925 жылдың наурызына дейін редактор ретінде қол қойып тұрған. Сол жылы Алматыға ауысып, «Тілші» газетіне басшылық жасайды. 1928-1930 жылдары Жетісу губерниялық «Қосіііы» одағы төралқасының төрағасы, 1931- 1936 жылдары Халық комиссарлары советінің бөлім меңгерушісі болды. Қанқұйлы 1936-1937 жылдары Жамбыл аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады.

1937 жылы 2 қазанда Жамбыл қаласында жалған айыппен тұтқындалады. «Жапонияның басшылығымен буржуазиялық мемлекет құруды мақсат етті» деген айыппен «халық жауы» атанды.

1957 жылы КСРО Жоғарғы соты әскери алқасының шешімімен ақталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp