Бұрынғы Көкшетау облысындағы Көкшетау ауданының Елтай ауылында дүииеге келген. 1948 жылы Киров атындағы казақ мемлекеттік университенінің журналистика бөліміне түсіп, 1952 жылы оны бітіріп шықты.
Еңбек жолын 1952 жылы «Кокшетау правдасы» газетінде бөлім меңгерушісі болып бастады. Осы газетте жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметгерін атқарды. 1963 жылы Еңбекшілдер аудандық газетінің редакторы болып тағайындалды. 1963 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы өлкелік газетте қызмет істеді: әуелі бөлім бастығы, одан кейін редактордың орынбасары болды.
1968 жылы «Көкшетау правдасы» газетінің редакциясына оралып, газет жабылып қалғанға дейін атқарған орынбасарлық қызметін жалғастырды. 1968 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінің редакторы болып тағайындалды.
Екі мәрте «Қүрмет белгісі» орденімен марапатталды. Лениннің ғасырлық мерекесіне арналған және «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медальдарына ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Советінің үш мәрте құрмет грамотасымен және Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.