«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құрмантай МЕҢДІҒОЖИН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1917 жылы бұрынғы Ақмола облысының Алексеев ауданындағы Ерназар ауылында туған. Еңбек жолын 1939 жылы Солтүстік Қазақстан облысының «Ленин туы» газетінің әдеби қызметкері ретінде бастаған.

Сол жылы Ақмола қаласындағы «Сталин туы» газетіне ауысып, соғысқа дейін сонда қызмет істеді.

1941 жылы қан майданға шақырылды. 1942 жылы онда ауыр жараланып, елге оралды. 1942-1948 жылдары «Сталин туында» қызмет атқарды. 1950-1952 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы болды.

1955-1957 жылдары радио ақпараты бас басқармасы бастығының орынбасары болып істеген. 1957-1959 жылдары радиохабар тарату және телевизия жөніндегі республикалық комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

1959-1961 жылдары тағы да Орталық Комитеттің нұсқаушысы, 1961-1965 жылдары «Соңиалистік Қазақстан» газетінде еңбек етеді. 1965-1969 жылдары Солтүсгік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетіне басшылық жасады. Одан кейін республикалық Журналистер одағының хатшысы болды да, көп ұзамай қайтыс болды.

«Құрмет белгісі» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Ерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp