«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әбілқайыр ДОСОВ (1899-1938)

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрынғы Көкшетау уезінің Қотыркөл болысында туған. 1916 жылы Омбы орыс-қазақ жетім балалар пансионына орналасып, қазақ оқушы жастарының «Бірлік» мәдени-ағарту үйірмесінің мүшесі болған. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Омбы қазақ кеңесі мен революциялық трибунал мүшелігіне сайланады. Кейін төтенше комиссияның ерекше отрядын басқарады. Көкшетау облыстық төтенше комиссиясының инспекторы, РК (б) П ОК Сібір бюросы жанындағы татар, қазақ секциясының хатшысы қызметтерін атқарады.

«Кедей сөзі» газетінің алғашқы редакторы, 1920 жылдың қазан айында Қазақ советтерінің құрылтай съезінде Қазақ АССР ОАК-нің төралқа мүшесі және хатшысы болып сайланды. 1922- 1926 жылдары Семей, Түркістан және Орал қалаларында басшы қызметтерде болды, 1926-1927 жылдары Қазақстанның БОАК жанындағы өкілі, 1927-1930 жылдары оның төралқа мүшесі. 1930 жылдан бастап партиялық қызметтерде: БК (б) П ОК-нің нұсқаушысы, Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстық партия комитеттерінің екінші және бірінші хатшысы. Одан кейін оңтүстікке ауысты: әуелі облыстық, сосын Шымкент қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Өлкелік, орталық және Бүкілодақтық партия және атқару комитеттерінің мүшелігіне сайланды. БК (б) П XVII съезінің делегаты болды.

1937 жылғы 28 қарашада жалған саяси айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1956 жылғы 12 қазанда ақталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp