«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өзендерде мұздың қалыңдығы 1 метрге дейін жеткен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында әзірге күн жылынар емес. Синоптиктердің болжамынша, қар сәуір айының алғашқы он күндігінің ортасынан бастап қана қарқынды ери бастайды.

«Қазгидромет» РММ облыстық филиалы директорының орынбасары Наталья Левинаның айтуынша, биыл қыс айтарлықтай суық болып, топырақ кей жерлерде 1,5 метрге дейін қатқан. Былтыр жер қыртысы 4 наурыздан бастап ери бастаса, биыл ол 21 күнге кеш басталды. Жауын-шашын да жылдағы орташа көрсеткіштен 143 мм артық түскен. Норма 53-100 мм болса, өңірдің кей жерлерінде 171 мм ге дейін қар жауған. «Биыл наурыз айы суық, қар көп жауып, аязды ауа райы сақталды. Алғашқы екі он күндікте тоқтаусыз қар жауды. 25 наурызда алынған мәліметтер бойынша, облыс бойынша қардың қалыңдығы 12-54 см аралығында, судың қоры 36-дан 170 мм-ге дейін. Яғни кей жерлерде қалыпты жағдайдан екі есе көп. Норма бойынша қардың биіктігі 7-23 см, су қоры 41-68 мм болуы қажет», – дейді Наталья Левина. Су тасқынының қаншалықты ауқымды болуы ауа райына тікелей байланысты. Сәуір айының басында солтүстік-батыстан келген циклон өңірге қар мен жаңбыр әкелмек. «Күндіз ауа райы жылынса, түнде суытады. Бұл – қардың еруіне әкеледі. Алайда қар сәуір айының алғашқы он күндігінің ортасынан бастап қана қарқынды ери бастайды», – дейді маман. Қазіргі уақытта Есіл өзені мен оның салаларында мұздың қалыңдығы 99 см дейін жеткен. Былтыр 31 наурызда максималды көрсеткіш 73 см болған. Қалың мұз әсіресе шағын өзендерде кептеліс тудырады. «Сергеев су қоймасында судың деңгейі 710 см, 85%-ға толған. Шағын өзендерде су деңгейі сәуір айының алғашқы он күндігінде көтеріле бастайды. Су тасқыны кезінде Сергеев су қоймасындағы судың көлемі нормадан 60%-ке дейін артып, 2 млрд текше метр су келеді деп күтілуде. Сілеті су қоймасында 128 млн текше метр су болуы керек болса, ол 157 млн текше метрге дейін жетпек. Үлкен Тораңғұл көлінде судың деңгейі 318 см, мұздың қалыңдығы 105 см жеткен. Су тасқыны кезінде деңгейі 420 см дейін көтеріледі деп болжап отырмыз», – дейді Наталья Левина.

https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp