Қазіргі Есіл ауданындағы Еңбек ауылында туған. 1959 жылы Киров атындагы қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірді. Еңбек жолын облыстық «Ленин туы» газетінің әдеби қызметкері болып бастады.
1962 жылы «Лениншіл жас» газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, 1963 жылы Преснов ауданындағы Жамбыл орта мектебінде сабақ берді. 1964 жылы «Тың өлкесі» газетінің әдеби қызметкері болды.
1966 жылы қайтадан ашылған «Ленин туы» газетіне бөлім меңгерушісі болып қабылданды. Осы газетте қызметтің барлық баспалдақтарынан өтті: жауапты хатшы, редактордың орынбасары және бас редактор болды. «Ленин туында» 40 жыл еңбек етті.
Б. Мұстафиннің «Жәлел Қизатов», «Жайнаған жер», «Құрманғали Сұрағанов», «Диқан жолы», «Далам – дәулет ордасы» сияқты очерктер жинақтары және балаларға арналған «Тәтті сәбіз» кітапшасы жарық көрді.
Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Достық» орденімен марапатталған.