Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңге депозиттері бойынша 2021 жылдың мамыр айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін бекітті.
«Қазақстан Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің деңгейі қайта қаралмағандықтан, 2021 жылдың мамырында қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме бұрынғы деңгейінде – 9 пайыз күйінде қалады»,-деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. Мөлшерлемелері нарыққа тәуелді 24 айға арналған жинақ салымдарды қоспағанда, ұзақ мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлеме де өзгерген жоқ. Нарықта 24 айға ашылатын жинақ салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеу үрдісіне байланысты олар бойынша мөлшерлемелер аздап төмендеді.
https://www.inform.kz