«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Смағүл СӘДУАҚАСҰЛЫ (1900-1933)

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Туған жері – қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындагы Ұялы ауылы. 1912 жылы ауылындағы Әбіл молданың мектебін бітірген соң екі сыныпты Полтавка орыс-қазақ училищесінде оқиды. Одан кейін Омбыда: 1916-1918 жылдары сондағы ауыл шаруашылығы училищесінде, 1918 жылы политехникалық институт жанындағы кооперация курсында және ауыл шаруашылығы институтының кооперация факультетінде білім алады.

Еңбек жолын Шарлақ уезіндегі Сиыршы ауылындағы орыс-қазақ мектебінде ұстаздықтан бастаған. 1918 жылы Ақмола облыстық жер басқармасындағы қазақ бөлімінің оқу ісінің меңгерушісі, жыл аяғында Батыс Сібір кооперативтер бірлестігі одағының нұсқаушысы қызметтерін атқарды.

1916 жылы Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» ұйымына кірді. 1918 жылы «Жас азамат» ұйымын құрып, жастарды Қазақстанның тәуелсіздігі жолындағы күреске жұмылдырды.

1920 жылы «Еңбекшіл жастармен» бірге «Кедей сөзі» газетінің де редакторы. Оның «Октябрь төңкерісі һәм қазақ еңбекшілері», «Бірінші мақсұттарымыз», «Біздің жол» және басқа мақалалары «Кедей сөзінде» жиі жарық көріп тұрды.

Жиырмасыншы жылдардың басында «Еңбек туы», 1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналының (1924-1925) редакторы болды.

Ол Сібір төңкеріс комитетінде (1920 жыл), Күншығыс ұлттары жастарының орталық бюросында (1920 жыл), Қазақ Автономиялық Республикасының жастар одағында (1920 жыл), Қазақ ОАК төралқасында (1920-1921 жылдар), Бүкілресейлік ОАК-інде (1920-1921 жылдар), Семей губерниялық төңкеріс комитетінде (1921 жыл), Түркістан автономиялық республикасының өкілдігінде (1922 жыл) басшы қызметтер атқарды. 25 жасында қазақстанның оқу-ағарту халық комиссары болды.

Көрнекті қайраткер әрі қаламгер 1933 жылы қапияда қайтыс болды. Жұмбақ жағдайда мәңгілікке көз жұмған оған Мәскеуден топырақ бұйырды, кейін Қазақстанға қайта жерленді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp