Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. Ондағы мәлімет бойынша Алматы облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа өтті.
Комиссия мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр.
Шымкент қаласы және Қарағанды облыстары «сары» аймақта орналасқан. Ал қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Еске сала кетейік, Қазақстан әлемдік эпидемиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта тұр.
https://egemen.kz