Жыл басынан бері Петропавлда ащы судың буымен 53 қылмыс жасалған, оның ішінде денсаулыққа зиян келтірудің барлық жағдайлары орын алған. Артық ішілген алкоголь отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын зорлық-зомбылық фактілерінің негізгі себепшісі болып отыр.
Петропавл қаласында тұратын 59 жастағы әйел 35 жастағы ұлын мәжбүрлеп емделуге жіберу үшін бірнеше рет өтініш жазған. Ер адам 10 жыл бойы маскүнемдер есебінде тұр. Еш жерде жұмыс істемейді, анасының жалақысымен күн көреді. Масаң күйде жанжал шығарады. Түзелемін деп уәде беріп, анасына жазған өтініштерін талай рет қайтартқан.
Алайда ұрыс-керістің соңы күш көрсетуге әкелмей тұрғанда істі соңына дейін жеткізу қажет екеніне учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Асылтас Жаңабеков әйелді көндіреді. Сөйтіп маскүнем наурыз айының соңында мәжбүрлеп емделудің наркологиялық ұйымына жіберілді. Анасында жанжалдар аяқталды деген үміт пайда болды.
«Жыл басынан Петропавл қаласының учаскелік полиция инспекторлары 23 адамды мәжбүрлеп емделуге жіберген. Бұл мәселеден шығаратын жалғыз жол – емделу», дейді қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.
https://egemen.kz