«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨЗДІ ЕМДЕУ ТЕГІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгіндері бағасы қымбат диагностикалық тексерулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін жүргізілуде. Соның ішінде көз ауруларын тегін емдеуге мүмкіндік бар. Петропавлдағы “Айна-көз” көз орталығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында мамандандырылған офтальмологиялық қызмет көрсетеді.

Жиырма жылдан астам тари­хы бар орталық стационарлық жә­не стационарды алмасыратын қызметтер, сонымен қатар кеңес беру, диагностикалау шаралары жүргізіледі. 2019-2020 жылдары аталмыш орталықта МӘМС ая­сын­да 2463 науқас ем алды. Соның ішінде мың­нан астам адам күндізгі ста­цио­нар қызметін пай­даланды. Ал амбу­латорлық жағ­дайда 8719 адам 30 мыңға жуық қызмет алды. Жал­пы, медици­налық мекеме құрыл­ған уақыттан бері 400 мыңнан ас­там науқас қабылданып, 30 мың­ адамға ота жасалды.
Медициналық мамандар көз орталығында тегін кеңес алу үшін учаскелік дәрігердің жолдамасы болуы қажет екенін айтады. Мін­детті әлеуметтік медици­налық сақ­тандыру мәртебесі бар нау­қастар үшін тегін жоспарлы ота да қолже­тімді. Бұл орталықта көздің түрлі ауруларын заманауи техни­калар­дың көмегімен емдеу оң жолға қо­йылған. Мәселен, көз бұр­шағы­ның бұлдырап, қарауытып, аға­руы­­мен сипатталатын ката­рак­та ау­руын емдеуге арналған сen­turion® аппараты бар. Оф­таль­молог дәрігер Сергей Бородкин за­манауи құрылғы көзішілік қы­сым­ды бақылап, ота 5-10 ми­нут­тың ішінде жасалатынын айт­ты. Бү­гінгі күні бұл құрылғының көме­гі­мен 1000-нан астам ота жасалды.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,
әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
облыстық филиалының бөлім басшысы.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp