«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Полиция ардагерлері жаңа төраға сайлады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ішкі істер министрінің кеңесшісі, полиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков өңіріміздің полиция ардагерлерімен кездесті. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев, облыстық және қалалық ардагерлер ұйымдарының төрағалары Ескендір Елеусізов пен Жангелді Тәжин  қатысқан кездесуде ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан облыстық ардагерлер ұйымы жұмысының қорытындысы талқыланды, сондай-ақ кеңестің жаңа төрағасы сайланды.

Бүгінгі таңда облыстың 20 бастапқы ардагерлер ұйымында 2350 зейнеткер бар, олардың ішінде: 2 – Ұлы Отан соғысына қатысушы, 15 тыл еңбеккері, 25 ауған жауынгері. Белсенді ардагерлер жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстары мен  қамқорлық жасау ісіне үнемі қатысып тұрады.
Кездесуде Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды. Аты аңызға айналған 85 жастағы Сұраған Көпеев  – солтүстікқазақстандық полиция тарихында Петропавл қаласының Құрметті азаматы атанған алғашқы полицей. 2005 жылғы қыркүйек айынан Ардагерлер кеңесін басқарып келді. Жасына байланысты ақсақал құрметті демалысқа шығуға мәжбүр болды. Дауыс берудің қорытындысы бойынша, СҚО Ұлттық ұланы және ІІО Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Ақан Сыздықов тағайындалды. Полиция полковнигі Сыздықов Тәуелсіз Қазақстанның полициясы қалыптасып келе жатқан қиын шақта көп жылдар бойы облыстық полицияның жетекші бөліністерінің бірі болып табылатын – Жедел-криминалистикалық басқармасын басқарған.
Жиын ардагерлерді медальдармен және Алғыс хаттармен марапаттау рәсімімен аяқталды.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp