«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түркия коронавирус вакцинасын клиникалық сынақтан өткізе бастады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түркиялық вакцина осы жылдың аяғына дейін дайын болуы мүмкін. Бұл туралы Индустрия және технологиялар министрі Мұстафа Варанк мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, вакцинаның клиникалық сынағы сенбі күні таңертең басталды. «Бұл – күрделі процесс, сынақтың бірінші фазасы екі айдан ерте бітпейді», – деді Варанк. Ведомство басшысы вакцинаны өндіруге дайын кәсіпорындардың бар екенін атып өтті. «Егер барлық кезеңді сәтті қорытындыласақ, жылдың соңына дейін біздің 50 млн доза әлеуеті бар өз вакцинамыз болады», – деп қосты ол. Министр вакцинацияның екінші кезеңінде өзі ерікті болатынын айтты. Сонымен қатар Варанк мұрын арқылы егілетін вакцинаның өндірісіне де тоқталды. «Ақуыз негізінде жасалған вакцинаның бұл түрі – әлемдегі жаңалықтардың бірі. Бұл вакцина мұрын арқылы егіледі. Барлық уытты сынамалар алынып, жануарларда сыналып, қосымша жұмыстар атқарылған. Түркияның Фармацевтика және медициналық жабдықтандыру агенттігіне хат жолданды. Егер олар оң жауап қайтарса, адамдарға клиникалық сынақ жасау басталады», – деп мәлімдеді министр. Варанк мұрын арқылы егілетін вакцина инновациялық екенін атап өтті. Оның қолданылуы әлемде кең таралмаған. «Дегенмен өндірушілердің алдын ала қорытындысы, зертханалық зерттеулер мен жануарларға жасалған сынама жақсы нәтиже көрсетуде. Клиникалық сынама сәтті аяқталады деген үміттеміз», – деп үміт білдірді ведомство басшысы. Варанктың айтуынша, түрлі елдер Түркиядан вакцинамен қамтамасыз етуде көмек сұраған. «Кей елдер вакцина тасымалдауда көмек сұрайды, кей елдер ортақ өндірісті жолға қоймақ ниетте. Мысалы, кейбір елдер сынақтың үшінші фазасын бірге өткізуді ұсынып отыр. Бұл әріптестік процестің ұзақтығын қысқартар еді, сонымен қатар процеске халықаралық өзектілік берер еді. Сонымен қатар бұл елдер тасымалдау мәселесінде бірінші қаралады. Шетелден сұраныс бар», – деді Варанк.

https://www.inform.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp