«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шығыс Қазақстан облысы аумағында санбекеттер орнатылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 15 сәуірге дейін ұзартылды.

Шығыс Қазақстан облысы Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 15 сәуірге дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы өзгергенде қайта қаралуы мүмкін.
Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекция стационарларында төсек қорының толтырылу деңгейі – 3,3%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,175.
«Семей, Курчатов қалаларының, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары өңірдің сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапына қойылатын 3 және Қарағанды мен Павлодар облыстары аумақтарындағы 3 санитарлық бекеттің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар «Ауыл», «Үбе», «Бақты», «Майқапшағай» автоөтпе жолдарындағы өткізу пункттерінде 4 санитарлық бекет қойылады», – делінген құжатта.
«Қызыл» аймақтағы өңірден келетін адамда санитарлық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 инфекциясының жоқтығын растайтын ПТР сынаманың теріс нәтижесі туралы үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын анықтаманың болуы міндетті.
https://www.inform.kz/

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp